Коньки тебу – салауатты өмір салтын ұстанатын студенттер үшін қысқы көңіл көтеру мен шынықтырудың тамаша түрі.
Өткен жексенбі күні, 24 ақпан, «Ертіс» мұзайдын айдынында балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы оқытушылары Тайгулова А.С. және Смагулова Н.Х.жетекшілігімен 329 ЖМ топ студенттері жиналды. Желді ауа райына қарамастан, мұз айдынында адам көп келді. Біздің студенттер жаппай коньки тебуге белсенді қатысты. Ұйымшыл топ студенттері мұзға алғаш тұрған достарына үйретті, ұлдар қыздарды құлатпай, демеу болып жүрді, кеш бойы позитивті көңіл-күй мен қуанышты күлкіге бөленді.
Сонымен қатар, коньки тебудің денсаулыққа пайдасы мол. Әуелі коньки тебу бұлшық еттерді созып, жаттықтырады, артық калориялардан арылтады. Күнделікті 20-30 минут коньки тебу координацияны жақсартып, төзімді болуға көмектеседі. Осындай жүйелі физикалық жаттығулар жүректі болашақ аурулардан сақтайды. Жалпы иммунитет жоғарылап, стресс төмендейді. Осындай демалыстан кейін, ми жұмысы жақсарып, дене шымырланып қалады.
Студенттік шақ – әркімнің өміріндегі ең жарық және шаттыққа толы кезеңдерінің бірі. Уақытты пайдалы және көңілді өткізуге шақырамыз!