Профориентациялық бағдар – бұл еңбек нарығында жастардың тұлғалық ерекшелігі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, жастарға кәсіби мамандық пен еңбекке араласуға бағытталған ғылыми негізделген шаралар жүйесі.
Дербестелген медицина кафедрасының меңгерушісі Дюсупова А.А. нұсқасы бойынша кафедра жоспарына сәйкес 609 топ ЖТД интеріндерімен бірге мектеп ата-аналары мен №7, №35, және Шәкәрім атындағы үш тілдік көп профильді гимназиясында, №30 орта қазақ мектептерінде кафедра ассистенті Зготова Н. С. жетекшілігімен профориентациялық шаралар өткізілді. Семей Медициналық Университетінің тарихы жайлы, білім берудің бес сала мамандықтары бойынша, артықшылықтары мен сапасы туралы презентация өткізілді.
Жастар мамандық таңдауда қателік жібермей, өз тағдырын дұрыс таңдауы өте маңызды екенін түсіндірді. Мектеп бітірушілерге өте мән-мағыналы және түсінікті, жетімді тілде үгіттеу жүргізілді. Медицина мамандығы жайлы толық ақпарат беріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Медицина университетіне түсуге қажетті құжаттар тізімі беріліп, 01.04. -15.06.2019 ж. аралығында жүргізілетін психометриялық тест түріндегі арнайы емтихан жүргізілетіні айтылды. Психометриялық тест нәтижесі бойынша ЖОО көрсету үшін, түскен түлектерге қортынды қағаз беріледі