Мотивация – бұл бірдеңені істеуге деген ниет, тілек. Бұл мақсаттарды анықтауда және оларға жетудегі маңызды бөлігі. Психологтар мен социологтардың бақылаулары бойынша, адамның іс-әрекетінің нәтижесінің 20-30% интеллектке, 70-80% мотивтерге тәуелді. Сондықтан да педагогтар мен ата-аналарды білім алушыларда оқуға және тануға деген жағымды мотивтерін қалыптастыру сұрақтары алаңдатады.
Оқу мотивациясын қалыптастыру білім алушының оқу деңгейіне жағымды жағынан әсер етеді. Мотиві бар студентбілім алу кезеңдерін оңай өтіп, мақсатқа жетуге барлық қажетті міндеттерді орындайды. Мотив зейінді шоғырландырып, жинақылықпен оқу оқуға мүмкіндік береді. Мотивация оқуда белгілі бір қиындықтар бар кезінде өте пайдалы, ол адамның тәртіпті сақтап және академиялық жетістіктерін жоғарылатуға көмектеседі.
Сондай-ақ, оқу мотивациясының ұзақ уақыттық перспективасы бар. Казіргі уақыт жаңа дағдылар алуды және бар дағдыларды жетілдіруді талап етеді. Бір саланың маманы болу жеткіліксіз. Сондықтан да мектеп жасынан бастап, білім алуға деген мотивті , білім алу процесімен сүйсінуді қалыптастыру маңызды.
Бірақ білім алудың белгілі бір кезеңінде әртүрлі себептердің ықпалынан оқу мотивациясы томендейді немесе жоғалып кетеді. Себептер: ұзақ уақытқа созылған стресс, дептессивтік жағдай, білім алушының көзқарастарының немес дүниетанымының өзгеруі, оқу жағдайларының жиі өзгеруі, отбасындағы келеңсіз жағдайлар, топтағы нашар әлеуметтік-психологиялық климат және т.б. Себептері көп, бірақ бұндай жағдайдан шуғудың жолын табуға болады.
Енді, оқуға деген мотивацияны оятатын немесе ынталандыратын практикалық әдістерді қарастырып, талдап көрейік.
Мақсаттардың күші. Оқу мотивациясы барысында қолануға болатын тиімді әдістердің бірі – мақсаттар мен міндеттерді ойластырып, дұрыс қоя алу. Олар қысқа уақыттық (Мысалға, алдындағы емтихан) және ұзақ уақыттық (мысалы, оқу орнын мықты маман ретінде, жақсы бағалармен аяқтау) болуы мүмкін. Мақсат, міндеттер – мотивациянын ең басты көзі деп айтуға болады, өйткені олар балам алушыны ынталандырады, шабыттандырады. Нақты, мүмкін мақсаттар қойған маңызды. Әрбір қол жеткен мақсат өзіндік бағаның жоғарылауына ықпал етеді және одан да жоғары жетістіктерге жетуге жетелейді.
Марапаттау әдісі. Марапаттау, қолдау көрсету, қолпаштау – мотивация әдісі ретінде өте пайдалы. Егер де алдымызға қойған мақсатқа жетіп марапат алсақ, немесе өзімізді қолпаштап қойсақ, бұл істің жай болмағанын, нәтиженің бар екендігін көрсетеді. Одан да үлкен марапат алу мақсатында ары қарай еңбек етуге ынталандырады. Сондықтан кез келген жетістік немесе кішкентай жеңістен кейін өз-өзіңді сөзбен мақтау, кішігірім зарттармен марапаттау маңызды.
Қоршаған орта атмосферасы. Оқу орнына, бірге оқитын тпотастарға және оқытушыларға позитивті қатынас оқу мотивациясын жоғары деңгейде сақтауға әдәуір көмегін көрсетеді. Білім алушылар оқу процесі барысында да көптеген ашу, уайымдау, алаңдау, көңілдің қалуы сияқты негітивті сезімдерді сезінеді. Бұл сезімдер мотивацияны біршама төмендетіп тастауы мүмкін. Сондықтан мотивацияны жоғарылатқыңыз келсе, ортаңызға, өзіңіздің соларға қатынасына көңіл бөлгеніңіз дұрыс болады.
Бастау керек. Қалай оқуға деген ынтаны арттыруға болады деген сұрақ көптеген студенттерді қызықтырады. Жауабы мынада: тура қазір кітапты алып, ештеңеге қарамай оқуды бастау керек. Бұл әдіс өзін-өзі ынталандыруға байланысты. Жайлылық зонасынан шығып, шаршаудын, қызығушылықтың бар жоғына қарамастан, оқуға кірісу. Бұл жетістікке жетудің бірінші қадамы. Неге бұл әдіс өте маңызды? Қыспақтау, өз-өзіңді мәжбүрлеу жалқаулыққа жол беретін кез келген негативті ойлардан басты босатады. Бастасаңыз болды, ми өзінің міндеттеріне үйренеді.
Оқуға ынтаны сауатты да беделді жетекші, фильмдер және кітап та оята алады. Бұл белгілі жетістіктерге жеткен маман иесі (мысалы, дәрігерлер, оқытушылар) болуы мүмкін, белгілі адамдардың өмірі немесе жігерлендіретін оқиғалар туралы қызықты кітаптар немесе фильмдер болуы да мүмкін.
Әрқашан «көкжиекті» көріп отыру керек. «Көкжиек» деген бұл ең соңғы нәтиже, мақсатымыз, не үшін біз оқып жатырмыз. Жоғары кәсіби пластикалық хирург болғыңыз келеді ме, онда бұлшықеттер, сүйектер, буындар және басқа да медициналық терминдерді әбден шаршағаныңызға дейн жаттауға дайын болыңыз.
Қауырт жағдайлар туғызбау, осындай қауырт жұмыстардың көбейіп кетуі жалпы оқуға деген мотивацияның жоғалып кетуіне әсері зор. Сізге жұма күніне эссе немесе реферат жасау керек па? Онда оны жасауға бейсенді күннің кешкі сағат 11 жазуға отырмау керек, жұмыс көлемін 2-3 күнге бөлген дұрыс болады.
Сонымен, корытынды жасайтын болсақ, мотивация өз бетімен, ешқандай себепсіз жоғалып кетпейді, әрдайым себептері болады№ ол себептер не сырттай (ауыспалы мауым күндері күз немесе көктем, топтағы нашар атмосфера, оқытушының негітивті қатынасы, дөрекі сөйлеуі, отбасындағы мәселелер), не іштей (жеке көзқарастың, дүниетанымның өзгеруі, жалқаулық, тұлғалық мәселелер, өз-өзіне сенімсіздік). Дегенмен, оқуға деген мотивацияны қайтадан тудырып, сондай-ақ жоғарылатуға да болады. Ол тек сіздердің қолдарыңызда!
Психолог-социолог Асылбекова А.М.