«Үздік куратор» байқауының қорытындысы бойынша «Үздік ғалым куратор» номинациясы бойынша қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі С.О. Рахыжанова және «Үздік ұйымдастырушы куратор» номинациясы бойынша қалыпты физиология кафедрасының доценті А.С. Сайхахметова жеңіске жетті. Олар қалыпты физиология кафедрасында жасаған еңбектері үшін ғана емес, сонымен қатар ғылым мен университеттің дамуына қосқан үлестері үшін жеңімпаз атанды. Әріптестер мен студенттер арасында сый да, құрметке де сай ерекше орын алатын керемет және тамаша оқутышылар. Рахыжанова Сәуле Орынғазықызы және Сайдахметова Айгүл Сайдахметқызы студенттермен тәрбие жұмысына белсене қатысып, көптеген студенттермен бітіргеннен кейін де жылы қарым-қатынаста болады. Мұндай мұғалімдер шын мәнінде «Үздік куратор» атағына лайық.
Қалыпты физиология кафедрасы
Басқару мектебі баспасөз хатшысы Адай Жеңісбеков