2019 жылдың қаңтар айында Семей медицина университеті мен «ДАМУ» ақпараттық технологиялар Орталығы (АТО) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Осы келісімнің шеңберінде 2019 жылдың 6-шы және 13-ші ақпанында «ДАМУ» АТО-ғы университет оқытушылары үшін кезекті семинарлар өткізді.
Тәжірибелік семинардың мақсаты «DAMUMED» кешенді медициналық ақпараттық жүйемен жұмыс істеу үшін кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, тәжірибелік дағдыларды дамыту болып табылады. Семинарға «Медицинадағы IT технологиялар», «Қоғамдық денсаулық сақтау және дәлелді медицина» кафедраларының оқытушылары және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттері қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға «Поликлиника» и «Стационар» модульдерінің қызметі мен интерфейсі көрсетілді. Дәрігер бөлмесінде алған жұмыс дағдылары, науқастың электрондық денсаулық паспортында медициналық жазбаны жүргізу, науқасты госпитализациялау рәсімі және басқалар кафедра оқытушыларына, жоғарғы курс студенттеріне сауатты, білімді оқытуға және кешенді медициналық ақпараттық жүйені тәжірибемен болашақ кәсіби қызметтерінде қолдану үшін студенттерді дайындауға мүмкіндік береді.