2019 жылдың 9 ақпанында Медицинадағы IT технологиялар кафедрасында «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының, «Денсаулықты цифрландырудың жол картасы» және «Электрондық денсаулықты дамыту тұжырымдамасы» аясында ИНФОРМАТИКА (Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар) пәні бойынша медициналық колледждердің студенттері арасында АЙМАҚТЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА өткізілді.
Олимпиадаға Семей қаласының Д. Калматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі, «Авиценна» жоғары медициналық колледжі, «Семей» медициналық колледжі сияқты мекемелерден 28 оқушы қатысты.
Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде Медицинадағы IT технологиялар кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Мусатаева Июнгуль Сулжановна құттықтау сөз сөйледі. Құттықтау барысында кафедра меңгерушісі денсаулық сақтаудың цифрландыру және цифрлық медицинаның даму болашағы маңыздылығын атап өтті.
Олимпиада екі кезеңде өткізілді: тестілеу және тәжірибелік. Тапсырмалар мен тест сұрақтарының мазмұны медициналық колледждердің информатика пәні бойынша типтік және жұмыс бағдарламаларына сәйкес құрастырылды.
Олимпиаданың жеңімпазы, I-дәрежелі дипломға ие болған: Семей қаласының Д. Калматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінің студенті Садыр Әлібек.
II-орынды иеленген екі қатысушы: Семей қаласының Д. Калматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінің студенттері Гордеева Анастасия және Орехов Владислав.
III-орынға иеленген қатысушылар: Семей қаласының Д. Калматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінің студенті Турсунгалиева Алина, «Семей» медициналық колледжі Махамбетова Зейнеп және «АВИЦЕННА» жоғары медициналық колледжінің студенті Амангельдин Мирас.
Олимпиада аясында медициналық колледж оқушыларына М. Мәметова атындағы Университеттің мұражайы, Оқу-клиникалық орталығы және Анатомиялық мұражайға экскурсиялар ұйымдастырылды.