Семей медицина университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының қарқынды түрде жүргізілуінің нәтижесінде ғылыми мақалалардың саны мен сапасының артылуы байқалуда.
Өткен жылдар ішінде университет Webometrics Ranking of World Universities атты әлемдік ЖОО рейтингі жүйесінде анағұрлым көтерілді. 2018 жылдың қаңтар айында университет әлемдік рейтингте 518 позицияға көтерілсе, 2019 жылдың қаңтар айында тағы да 861 позицияға көтерілді. Азия аймағындағы рейтингте университет 2018 жылғы қаңтар айында 65 орынға биіктесе, 2019 жылғы қаңтар айында тағы да 347 орынға көтерілді.
Webometrics Ranking of World Universities университеттерді интернет-ресурстарда жариялануын келесі компоненттер бойынша бағалайды: ғылыми мақалалардың жариялануы (presence), әсері (impact), ашықтығы (openness) және толыққанды болуы (excellence).
Google Scholar ғылыми жарияланымдар іздеу жүйесінде енгізілетін «Ғылым және денсаулық сақтау» ғылыми-практикалық журналы университеттің рейтингте көтерілуіне айтарлықтай әсер етті. Журналдың сайтында университет ғалымдарының еңбектері толық мәтінде жарияланады. Журнал редакциясының қарқынды жұмысының арқасында университеттің ресми сайтының қаралым саны да артты.
Барлық ғалымдарға ;және журнал редакциясына жемісті еңбектері үшін алғыс білдіреміз!
Толығырақ сайтта: http://medscience.kz/…/webometrics-ranking-of-world-univer…/