Қаламыздың мектептерінде білім алушылармен жыл сайынғы кездесулер және осы кездесулердің ұйымдастырылулары факультеттік терапия кафедрасынының әдеттегі дәстүріне айналды. Осылайша, соңғы 5-6 жыл бойында СҒҮ қатысушыларымен бірігіп қаламыздың келесі мектептерінде; НИМ, №9, 34, 28, 37 және отбасы түріндегі №8 балалар үйінде СӨС пропогандасы мақсатымен өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымыздың салауатты тәрбиелену мәселелері қарастырылды.
2019 жылдың қаңтар айында ассистент Барқыбаева Н.Р. жетекшілігімен ЖМФ № 415, 414 топтарының студенттерімен № 31 мектепте қазіргі гепатологияның өзекті мәселелері бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында бауыр ауруларын туғызатын себептер және оны алдын алу шаралары мен емі бойынша видеоматериалдар мен клиникалық жағдайлар мысалға келтіріліп талқыланды. Алынған кері байланыс нәтижесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттің өсуі мен дамуы салауатты өмір сүруді қатаң түрде қадағалау туралы ойлар, пікірлер айтылды.