ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің кешенді жоспарына сәйкес «Ортақ сағат ұйымдастыру» мақсатында 27.11.2018ж. сағат 10-00-де Семей қ. ММУ бойынша «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» тақырыбында іс-шара жүргізілді. Осы шараға орай проф.Ю.В.Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицина кафедрасы жемқорлыққа қарсы тәрбиелік сағатын өткізді. Іс-шараға кафедра қызметкерлері, 2 курс Сот-медициналық сарапшы резиденттері, ЖМ факультетінің 315 , 328, 329, 339, 312 , және 305 ЖМ кураторлық тобы қатысты. Ортақ сағат өткізу барысында студенттерге әлеуметтік видеороликтар көрсетіліп, ҚР қабылданған жемқорлыққа қарсы нормативті-құқықтық акт ( 18.11.15ж. N410-V ЗРК) туралы және жемқорлық түрлері, және оның зардаптары туралы толық мағлұмат берділді.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу