2011 жылдың 10 желтоқсанында парламент сенатының отырысында тұңғыш президент күні мерекесі бекітіліп, қол қойылды. Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін маңызы өте зор мейрам. Бұл мейрамның тарихы тереңде жатыр, өйткені 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті. Бүкілхалықтық сайлауда дауыс берушілердің 98,7 пайызы бір ауыздан ел Президентіне дауыс берді.
Тұңғыш Президентіміз Қазақстанды соқпақты жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін, үлкен қажыр қайратпен халқына деген сүйіспеншілігін дәлелдеп берді. Біздіз еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған елге айналуы, аянбай еңбек еткен басшымыздың арқасы.
Осы мерекеге орай Дербестелген медицина кафедрасында 604 ЖТД дәрігер-интерндер дайындаған Президент күніне арналған арнайы іс-шара өткізілді. «Елі сүйген, елін сүйген ел басы» атты мерекелік шара кафедра мұғалімдері мен дәрігер-интерндер арасында өтті. Шара өте тартымды да, қызықты болып өтті. Мұнда Президенттің балалық шағы мен барлық өмірбаяны баяндалды, жас кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін істеген жұмыстарымен таныстық.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ата-анасын қатты құрмет тұтқан, ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін ақтап келе жатқан қалың қазақ елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлт жанды азамат.
Дербестелген медицина кафедрасы