2018 жылдың 1-2 қараша күні Семей медицина университетінің 65-жылдығына арналған “Медициналық білімді, ғылымды және тәжірибені жаңғыртудағы заманауи инновациялық әдістер” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция ашылуы Абай атындағы театрда өткізілді. Салтанатты ашылуда 14 жыл университетіміздің ректоры болған ҚР ҰҒА академигі Раисов Толеген Казезович, сонымен қатар ҚР және шетел танымал ғалымдары құттықтау сөз сөйледі. Конференция ашылуынан кейін, денсаулық сақтау аясындағы өзекті бағыттардың секциялық отырыстары өтті. ҚР ҰҒА академигі атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы “Персонализацияланған және лабораторлы медицинаның заманауи трендтері” секциялық отырысына қатысты. Отырыс барысында ҚР мен Ресейдің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарының баяндамалары тыңдалды. Назарбаев Университетінің геномдық және персонализацияланған медицина зертханасының жетекшісі мен қызметкерлері қызықты баяндамалар жасады.Талқыланған ғылыми жұмыстар кафедраның жұмыс істеу бағыты мен қызметіне тікелей байланысты болды.
А.Т. Тарғынова, ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы