Қазіргі заман Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 22-26 қазан аралығында Семей мемлекеттік медицина университетінің 1-2 курс студенттеріне «Латын әліпбиіне көшу– заман талабы» тақырыбында дәріс оқылды. Дәріс мақсаты латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы мағлұмат беру.
Дәріс барысында латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары талқыланды. Сонымен бірге, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу перспективалары, латын әліпбиіне көшудің тарихи-рухани қажеттілігі, латын әліпбиіне көшудің түркі елдеріндегі тәжірибесі, латын әліпбиіне көшудің проблемалары қарастырылды.
Латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы – қазақтың дербес ұлт екендігін сездіретін, ұлттық бірегейлікті бекітетін және ұлттық мүддені қорғауға мүмкіндік беретін құрал екендігі дәріс барысында баяндалып, Елбасы ұсынған Рухани Жаңғырудың бірегей бағдарламасында ұлттық сананың рөліне баса назар аударылғанын, атқарылуға тиіс міндеттердің айқын көрсетілгенін, солардың ішінде, рухани бірегейлікті, сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен озық дәстүрлерді сақтап қалудың, жаңғырта білудің маңыздылығы да шара барысында айтылды.
ҚҚЗТ және ЖББП кафедрасы оқытушылары Қ.А.Нұрғазы, Р.Ж.Екібаев, Т.А. Муздыбаева.