ҚР ҰҒА академиясының академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы 2018 жылдың 25–26 қазанда Астанада Алматы декларациясының 40 жылдығына орай «Алматыдан басталған денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына» деген атаумен медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Жаһандық конференциясын бақылады. Конференцияның ашылу салтанатына және жоғары деңгейлі сессияға ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев қатысты. ДДСҰ-на мүше 140 елдің, халықаралық ұйымдар мен әлемдік академиялық элитаның өкілдері — барлығы 1500-ге жуық қатысушы Астанада бас қосты. Шара ұйымдастырушылары Қазақстан Үкіметі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ болды. Конференция қатысушыларының негізгі мақсаты — медициналық-санитариялық алғашқы көмекті одан әрі дамытуды жоғары деңгейде талқылау, медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Астана декларациясын қабылдау. Конференцияны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашып, бейнебайланыс жүйесі арқылы шара қатысушыларына өз сөзін арнады. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде адамзат алдында жаңа сын – тегеуріндер тұр — қоршаған ортаның нашарлауы, аз қимылдауға әкелетін өмір салты, сапасыз ас созылмалы аурулардың көбеюін тудырды. Сонымен қатар Елбасы технологиялық революция дамуының қазіргі беталыстары адамзат үшін жаңа перспективалар ашып отырғанын атап өтті. Кафедра қызметкерлері конференцияның делегаттарын қызыға тыңдап, Декларацияның бөлімдерімен танысты.
Елькенова Б.З., ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы