Қазанның 23 жұлдызында профессор Д.Р.Мусинов атындағы клиникалық жəне радиациялық онкология кафедрасында Досбаева Алтынай Мұратбекқызының ұйымдастыруымен 516 топ Жалпы медицина мамандығы студенттерімен бірге Елбасымыздың "ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ" яғни, жолдау-2018 талқыланды.Күнтізбеде: Халық табысының өсуі, экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі,агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек.
Соның ішінде медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатын болғандықтан, 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет халқына жолдаған. Президентіміздің сөзінде, Халқымыздың бай қуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты.
Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту.
Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды.
Біз егеменді ел ұрпағы осы берілген сенімді ақтаудан артық мұрат жоқ.