ДСҰ 28.02.2018 ж мәліметтері бойынша дүние жүзіндегі аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайы алаңдатушылық білдіріп отыр. Оба ауруының 4 жағдайы Мадагаскарда тіркелген, летальды жағдайлар жоқ. Тырысқақтың дүние жүзінде 2848 жағдайы тіркеліп, оның 163 летальды жағдаймен аяқталған. Сібір жарасы ауруының 9 жағдайы Зимбабведа (Африка) тіркеліп, қуанышқа орай летальды жағдайлармен аяқталмады. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы жағдайлары Африканың екі мемлекетінде тіркелген. Денге қызбасы 3992 жағдайы тіркеліп, оның ішінде 8 жағдай летальды болды. Сары қызба Американың 3 мемлкетеінде тіркеліп, 182 жағдайдың ішінде 77 летальды болды. Аргентинада 2, Перуде 3 жағдайдың 1 летальды, Бразилияда 177 жағдай, оның ішінде 76 летальды.
2017 жылы Қазақстанда авиажолаушылар ішінде 5 тырысқақ жағдайы орын алды. Ал 2018 жылы 3 жағдай тіркелді. Барлық жағдайлар Алматы қаласының әуежайында тіркелген. Науқастар осы инфекцияның ошақ көзі болып табылатын Үндістан мемлекетінен келген. Науқастармен қарым-қатынаста болғандардың ішінде Семей қаласы тұрғындарының саны 7. Бұл контактілі адамдар тұрғылықты жері бойынша бақылауда болып, үш реттік тырысқақ қоздырғышына материал алынып, барлығында теріс нәтиже шықты.
29.05.2018 жылы Семей қаласының санитарлы-эпидемиологиялық бақылау басқармасында «Аса қауіпті инфекциялық аурулар профилактикасы» тақырыбына семинар өткізіліп, ол «Аса қауіпті инфекция анықталған жағдайдағы емдік-профилакикалық және санитарлы-эпидемиологиялық мекемелердің әрекет алгоритмі» жаттығулық семинарымен жалғасты. Семинарда барлық медициналық қызметкерлер, жедел медициналық жәрдем көрсету орталығының қызметкерлерлі, Семей қаласының ОДА қызметкерлері қатысты.
Инфекционист Смаил Е.М. өз лекциясында оба, тырысқақ, сібір жарасы, контагиозды вирусты геморрагиялық қызбалар тақырыбы бойынша эпидемиологиясын және клиникасын таныстырып өтті. Лектор осы аса қауіпті инфекцияларды ерте анықтау және диагностикалау критерийлерін атап кетті.
«Ересектердегі жұқпалы аурулар» дисциплинасында қазіргі уақытта жүрген ЖТД 703 топ интерндері және бакалаврдың 436 топ студенттері карантинді инфекция анықталғандағы әрекет алгоритмін көрсетті: аса қауіпті инфекция диагнозын қою, шұғыл хабарламаны толтыру және санитарлы-эпидемиологиялық басқармаға жіберу, анықталған медициналық мекемедегі әрекет алгоритмін атап өту, яғни науқастың қаралған жері, 1 типті обаға қарсы костюмді кию және шешу ережелері, ошақтағы контактілі адамдармен жұмыс, дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу.
Семей қаласы ММУ дерматовенерология және жұқпалы аурулар кафедрасы