26.05.2018ж Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында қазақ және латын тілдері кафедрасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін 3-5 курс шетел студенттерінің арасында кәсіби қазақ тілінен пәндік университетішілік олимпиада өтті. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде анатомиялық терминдер бойынша мәтін құрастыру; екінші кезеңде мамандыққа байланысты сұхбат құрастыру; үшінші кезеңде үй тапсырмасы бойынша қазақ тілінде ән айту немесе мәнерлеп өлең оқу болды. Үш кезең оқу бөлмесінде жеке-жеке өтіп, соңында барлық ұпай сандары жинақталып, қорытынды шығарылды. Олимпиада шартын толығымен орындаған студенттер қаржылай сыйлықтар, алғыс хаттармен марапатталды. Университеттің кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.С Смаилов пен қазақ және латын тілдері кафедра оқытушылары олимпиаданың өтуіне қаржылай көмек көрсетіп, қолдау жасады.
Бас жүлдені 351 топ студенті Омпаракаш, І орынды 346 топ студенті Ломрор Ашок пен 350 Мохаммад Сажид, ІІ орынды 346 топтан Бхарат Синх, 347 топтан Сингх Омпракаш, ІІІ орынды 346 топтан Балрам Балрам, 349 топтан Кхан Мохаммед, 346 топтан Дин Мохаммед иеленді. Студенттердің жауабын тыңдап, бағалау үшін ішкі аурулар кафедрасының кафедра меңгерушісі Д.Қ Дауітов, анатомия кафедрасының оқытушысы Д.М. Токанова және шетел тобының жоғарғы курс студенттері, Ядав Панкадж (3 курс), Бишной Махеш(4 курс), Апурв Чоухан, Саран Суреш шақырылды. Кураторлық топ студенттері дәрісханаларды дайындап, олимпиаданың өту барысында оқытушыларға көмектесті.
Студенттердің қазақ тілін тек сабақта ғана емес қоғамдық орында ойын жеткізіп, сөйлесе білуіне ортаның да ықпалы зор екені белгілі.
Мемлекеттік тілімізді құрметтеп, бір-бірімізбен қазақ тілінде сөйлесу азаматтық парызымыз.
Қазақ және латын тілдері кафедрасының оқытушысы Н.М.Абешова