Семей қаласы Мемлекеттік медицина университетінің LC KazMSA SSMU SCOPH (Standing committee on Public Health) комитетінің басшылығымен “Денің сау болған сәнді” атты іс-шара өткізілді.
Аталмыш іс-шараның мақсаты: студенттерге тату мен пирсингтің зияны мен қауіпі, денсаулыққа тигізетін әсері жайлы таңыстыру.
Татуировка – денсаулығымызға тигізер зияны туралы дәрігер мамандар аз айтып келе жатқан жоқ. Дәрігерлердің айтуы бойынша аталмыш ең әуелі жұқпалы ауруларды таратуға себепші болады екен.Сондай-ақ, татуаж салдырғандар тері рагына шалдығуы да мүмкін. Ал, сурет салдыру барысында пайдаланған бояулар қанмен араласып кетсе, адам қатерлі дертке шалдығып, оның өміріне қауіп төнеді.
Дөңгелек үстел барысында тату мен пирсингті «қолдау» немесе «қарсы болу» ретінде студенттер өз пікірлерімен алмасты. Семей қ. СММУ – нің LC KazMSA SSMU SCOPH (Standing committee on Public Health) комитетінің мүшелері студенттерге тату және пирсинг туралы видео-презентация көрсетті. Тату мен пирсингтің тарихын, оны салдырудың зияны мен қауіпі, денсаулыққа тигізетін әсері жайлы таңыстырды. Іс -шараның соңында KazMSA жастар ұйымының мүшелері студенттер арасында жақсы қарым-қатынас орнату үшін әр-түрлі қызықты ойындар және энерджайзерлерді өткізді. Студенттер көп пайдалы ақпаратты тыңдап, өз білімдерін жетілдіріп, KazMSA SCOPH комитетіне алғыс білдірді.
SCOPH комитетінің жергілікті офицері , «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 3 курс студенті – Бекболатова Мәрия.