Біздің елде Шәмші атамыздың әндерінен жиі орындалатын туынды жоқ шығар. Қазақ музыкасының қорын байытып, қазақ даласын әнімен тербеткен ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерімен бірнеше ұрпақ өсіп жетілді. 12.05.2017 жылы Семей Мемлекеттік Медицина Университетінде «Қыз жібек» қыздар клубының ұйымдастыруымен студенттер арасында ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Құшақ жайған қандай адам» атты ән байқауы өтті. «Шәмші әндері» байқауын өткізу идеясы кәсіподақ комитетінің төрағасы Смайлов Нұрбек Сәденұлының ұсынысымен бірнеше жыл бұрын университетімізде өткен «10-100-100 ұтқыр ойлар» байқауын жеңіп алған еді. Байқаудың мақсаты студент жастарымызды Ш. Қалдаяқовтың шығармашылығымен таныстыру болды. Ән байқауы өте қызықты және тартысты өтті. Байқауымыздың жеңімпаздары: Гран-при иегері – 1 курс «Жалпы медицина» мамандығы студенті Аширова Малика, 1ші орын – 1 курс «Жалпы медицина мамандығының студенті Ерланұлы Менжан, 2-ші орын иегері – 1курс «Жалпы медицина» мамандығының студенті Хайратбек Арайлым, 3-ші орынды- 4 курс «Стоматология» мамандығының студенті Мұхтар Мадияр иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйапаттар алды.
«Маған жақын нәрсе-халықтың жүрегі», деген екен Шәмші атамыз. Шәмші атамыздың әнідерін әлі күнге дейін бір демде кірпік қақпастан тындаймыз. «Қыз Жібек» ұйымы кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.С.Смаиловқа қолдау жасағаны үшін алғыс білдіреді.
ДДББ декан орынбасарлары, «Қыз жібек» клубының жетекшілері Жакупбекова Э.А., Табулдинова Г.Н.