2018 жылдың мамырдың 19 – шы күні Семей қаласының «Қазына» сауда орталығында алғашқы медициналық көмек көрсетуімен халықты оқыту акциясы жария етті. KazMSA ММУ Семей қ. Локальды комитеті медициналық білім беру бойынша SCOME (Standing Committeeon Medical Education) тұрақты комитеттің басшылығы ұйымдастырумен өткізілген.
Іс-шараға сауда орталығының қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты. Қала тұрғындарын оқыту кезінде әр түрлі өмірлік жағдайларына ерекше назар аударылып, барлық түсінікті тілде, адамдарға жақсы түсіндіре отырып, медициналық білімі жоқ адамдарға оңай жеткізу үшін көрсетіп, түсіндірді. Ал медициналық білімі жоқ адамға жақсы түсіну үшін, алғашқы көмек түрлері манекендерде көрнекті түрде көрсетілді.
1-ші және 2-ші курс студенттері фармация және жалпы медицина факультеттері бойынша алғашқы көмек көрсету алгоритмін ұсынды, ол:
• Күйік
• Эпилепсия
• Анафилактикалық шок
• Қан кету
• Аяқ-қол иммобилизация
• Приеме Геймлих
• Жүрек-өкпе реанимациясы
Күн сайын адамдар алғашқы медициналық көмек көрсете алмастан жақындарын жоғалтады. Көптеген адамдар алғашқы көмек көрсетуге тек медициналық білімі және құқығы бар адам деп, осы саланы терең меңгерген маманды санайды, алайда, бұл олай емес. Өкінішке орай, Қазақстан да бүл елдердің қатарында: себебі елде жыл сайын кенеттен жүрек тоқтауынан шамамен 20 мың адам өледі, көбіне бұл әлі жас, еңбекке жарамды адамдар.
Семей мемлекеттік Медицина университетінің Оқу-Клиникалық орталығында тұрғындарға алғашқы көмек көрсетуін үйретуүшін кең дағдылары бағдарламасы іске асырылды. Курстарды білікті мамандар жүргізеді. Алғашқы медициналық көмек дағдылары арнайы медициналық білімінің болуын қажет етпейді және осыған орай бірінші көмек көрсетуін әр адам білу тиіс. Алғашқы көмектің, қарапайым білімі мен дағдыларын меңгере отырып, шұғыл жағдайда сіз адам өмірін құтқарып, жақындарыңызбен туыстарыңыздың денсаулығын сақтап қалуларыңыз мүмкін.
Акция ұйымдастырушылары ағылшын бөлімінің деканына – м.ғ.к., доцент Нуртазина А.У. осы іс-шараларға қатысып және қолдау көрсеткені үшін және «Қазына» сауда орталығының әкімшілігіне ұсынған локализция бойынша үлкен алғысын білдіреді. Сондай-ақ Семей қ. ММУ, Оқу-Клиникалық Орталығының бастығына – м.ғ.к., доцент Муканова Д.А., Оқу-Клиникалық Орталығының оқытушысына – Нуртасова А.Н. және Оқу-Клиникалық Орталығының маманына – Амешова Г.Т. студенттерге алғашқы көмек орындау техникасын түсініндіріп, брошюраларды басып шығару көрсеткен көмегі үшін және муляждарды ұсынғаны үшін жеке алғысымызды білдіреміз!!!
Орындаған: Ертаев Асылхан
фармация мамандығының 1 курс студенті
102 топ