2018жылы 14 -18 мамыр аралығында Семей мемлекеттік медицина университетінің анатомия және гистология кафедрасында Стратегиялық даму барысында Шарите (Берлин, Германия), медицина университетінің визитинг-профессоры, доктор Керім Mутиг жүйке жүйесінің функционалдық анатомиясынан дәрістер мен практикалық сабақтар курсын өткізді. Бұл курс бакалавриат студенттері мен дипломнан кейінгі білім алушыларға қызықты болды. Бас ми және жұлынның функционалдық анатомиясы, олардың қанмен жабдықталуы, қабаттары туралы сұрақтары қарастырылды. Клиникалық аспектіге ерекше назар аударылды. Аптаның соңында білім беру нәтижесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Онда анатомияны заманауи әдіспен оқыту сұрақтары талданып қатысушылар тәжірибелерімен бөлісті. Анатомия және гистология кафедрасының қызметкерлері, доктор Керім Mутигке бағалы тәжірибесін үйреткені үшін алғыстарын білдірді.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу