12-13.05.18ж. ЖІК маманы А.Кульгимбаеваның басшылығымен Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті «Салауат» пікір-сайыс клубы ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Cinema CUP II» аймақтық пікір-сайыс турнирі өткізілді. Турнирдің іріктеу раундтары Британдық парламенттік форматта (БПФ) өтсе, финалдық ойындар Американдық парламенттік пікір-сайыс форматында (АПФ) ойнатылды. Сонымен қатар ең үздік спикерді анықтауға арналған Линкольн-Дуглас (ЛД) форматы өтті. Тартысқа толы турнирге 24 фракция қатысты (48 студент). Солардың ішінде Павлодар, Өскемен сияқты қалалардың пікір-сайысшылары болды.
Қорытындылай келе, өздерінің мықты ойындарын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болғандар ол: Павлодар қаласының «50 оттенков слова» фракциясы: Рүстемұлы Мират, Аймухаметова Наргиз III орынды, ал Семей қаласының Шəкəрім атындағы мемлекеттік университетінің «Конгресс» пікір сайысшылары «Огьюст Люмер» фракциясы: Тұрарбекова Оралхан, Тұрысбеков Мирам II орынды иемденді. Жүлделі I орынға ие болған Семей қаласының мемлекеттік медицина угиверситетінің «Салауат» пікір-сайыс клубының пікір-сайысшылары «Роршах» фракциясы Исахан Нұрбақыт пен Масалим Нұрай. Жеке спикерлар арасындағы ЛД форматында өткен тартысты ойында, «Еңүздік спикер» атағына ие болған Семей қаласының Шəкəрім атындағы мемлекеттік университеті «Парасат» пікір-сайыс клубының пікір-сайысшысы Бейсембеков Данияр болды. Əділ төрешілігімен көзге түсіп, «Ең үздік төреші» атағына ие болған «Салауат» пікір-сайыс клубының мүшесі Кусайынова Ляззат болды.
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
«Салауат» пікір-сайыс клубы