2018 жылғы 13 мамырында жалпымедицина мамандығының 147 және 158 топтары ұлы ақын Абайдың туған жеріне экскурсияға барды. Іс-шара Рухани жаңғыру бағдарламасының шеңберінде Жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастырды. Абай жеріне саяхаттап барушы студенттерді автобус және патрульдік эскортпен университет қамтамасыз етті. Жол ұзақ болғанмен, студенттер қазақ тілінде ән айтып, түрлі ойындар ұйымдастырып жолды қысқарта білді. Шетел студенттері Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тыңдап, оның мағынасын аударып, бірігіп орындады. Қазақ тілі сабағында жаттаған өлеңдерінен Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар, оқылық» өлеңін еске түсірді.
Жидебай жерінде көптеген қызықты нәрселерді көріп, тамашалады. Әсіресе, ұлы ақынның тұрған үйі өте қызықты болды. Қазақ халқының күнделікті өмірде қолданған ағаш ыдыс-аяқтар, кілемдер, киіздер, сандықтар, ертоқым, қарулар сияқты заттармен танысты. Амфитеатр стилінде салынған іс-шараларға арналған ғимараттың сәулеті өте қызықты, себебі күн сәулесінің түсуіне арналған мұнаралар ерекше көз тартады. Автобус ішінде Еңлік-Кебек, Күшікбай асуы оқиғалары туралы мағлұматтар берілді. Жолда Күшікбай асуындағы бұлақ басына, қос ғашықтың ескерткішіне тоқтады. Шындығында, шынайы махаббаттың күші ғасырлар бойы ұмытылмайды. Сяхат жолы ұзақ болғанмен, шетел студенттеріне қазақ халқының мәдениеті мен тарихын бір қырын көрсеткенімізге қуаныштымыз.
қазақ және латын тілдері
кафедрасының оқытушысы,
147, 158 топтарының кураторы
Шакирова Б.Т.