Қазіргі уақытта тілші мамандығы қоғаммен тікелей байланысты. Олар жұмыс бабымен әдетте адамдар көп шоғырланған жерде болады. Осындай жұмыс жағдайында, бұндай мамандық иегерлері алғашқы дәрігер алдық көмекті қалай көрсете білу керек екендігін білген жөн.
Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университетінің құндылықтарының бірі қоғамға деген әлеуметтік жауапкершілік пен сапалы идеяларды ұстану, Қазақстанда алғашқы медициналық көмек көрсету мамандарын дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны бола отырып және тиісті материалдық-техникалық базаға ие болғандықтан, Университеттің Оқу-клиникалық орталығы жергілікті БАҚ өкілдері үшін мастер-класс өтті.
Тыңдаушылар сүйек сынуда, қан кетуді тоқтату, жүрек массажын жасау және басқа да көптеген шұғыл медициналық көмек көрсету туралы ақпарат алып қана қоймай, сондай-ақ алынған білімді тәжірибелі түрде роботтарға қоюға бірден-бір мүмкіндікке ие болды.
Мастер-класс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Семей қаласының ММУ әкімшілігіне алғысын білдіріп, мұндай іс-шараларды тағы да өткізу туралы ұсыныс білдірді.