11.05.2018 ж. Семей қ. ММУ акт залында Дипломға дейінгі білім беру деканаты 1-5 курстың барлық мамандықтарының кураторларының жиналысын өткізді. Жиналысты ДДББ деканатының деканы А.С.Оразалина өткізіп, университет студенттерінің ішінде жалған рұқсатнама жасаған студенттер анықталып, ҚР ДСМ «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК Жарғысының 7 тарауы 58 тармағы 9 тармақшасын, 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» ҚР Заңының 47 бабы 18 т. басшылыққа ала отырып, «Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінде» ШЖҚ РМК оқумен байланысты көрінеу өтірік мәліметтер бөлігінде жалған құжаттар бергені үшін 17 студенттің оқудан шыққандығы туралы айтып өтті. Осыған орай, кураторларға кураторлық топтардағы студенттермен жұмысты күшейтіп, кафедра сабақ өтеуінің кестесінің қатаң сақталып, студенттерден рұқсатнаманың түп нұсқасын талап ету керетігін ескертіп өтті. Сонымен қатар, келесі 2018-2019 оқу жылында курстан курсқа өту баллы GPA өзгеруіне байланысты барлық студенттерді таныстыру хаттамасын өткізу керектігін ескертті. Ары қарай декан, 28 мамыр мен 1маусым аралығында Перзидентіміздің «Рухани жаңғыру: болашаққа көзқарас» мақаласы аясында, университетіміздің 65-жылдық мерейтойы қарсаңында қайырымдылық концерті өтітінін хабарлап, концерттің алдында ата-аналар мен қызметкерлерге арналған жәрмеңке ұйымдастырылатындығы жайлы айтылды. Университет студенттерінің қатысуымен «Жігіт сұлтаны», «Университет аруы» өтетіндігі ескертіліп, кураторларды аталмыш іс-шараға белсене қатысуға шақырды. Жоғарыда аталған іс-шараға, студенттер, оқытушылар, университет қызметкерлерімен қатар, ата-аналардың да қатысуын қамтамасыз ету керектігі ескертілді. Қайырымдылықтан түскен қаржылай көмек сәбилер үйіне, мүгедек балаларға, көмек қажет ететін қарт адамдарға арналатынын ескертті. Жиын соңында, А.С.Оразалина кураторларды өтетін шаралардың жоспарымен таныстырды.
Дипломға дейінгі білім беру декан орынбасары, Жакупбекова Э.А.