Бейбіт қазақ елінің тірегі болып жүрген Отан қорғаушылар мейрамы атаулы күн. Біздің Отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіш пен Отанға шексіз, қызмет етудің нышаны.
Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Соған орай 7 мамыр қарсаңында Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессоры Базарбек Жеңісбек Базарбекұлы Жалпы медицина факультетінің 206-топ студенттері арасында тәрбие сағатын өткізді. Студенттер Отан қорғаушыларға бүгінгі тыныш өміріміз үшін риза екендігін айтып, мерекемен құттықтады.