1941-1945жж Ұлы Отан Соғысы адамзат тарихындағы ең қантөгіске толы соғыс ретінде есте қалды. Фашистік жаулаушылармен күресуге бүкіл кеңес халқы қарсы тұрды. Тыл мен майдан шебінде еңбек етіп жатқан халықтар мен ұлттарды тек бір ғана мақсат- жауға беріспей , жеңіске жету біріктірді.
Семей қ. ММУ –нің «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 407 тобынан құралған студентер делегациясына тыл ардагері Омаров Ували Омарұлымен кездесу бұйырды.
Ували Омарұлы 1929 жылдың 25 желтоқсанында дүниеге келді.Соғыс басталғанда 12 жаста. Ол тек мектептің 6 сыныбын ғана бітіріп үлгерген еді. Соғыстың бірінші күнінен еңбекке араласты, Анасымен, жерлестерімен бірге таңның атысынан бастап куннің батысына дейін колхоздың жумыстарына араласып майданға тамақ өнімдерін жибереді, өте қиын кез ауылдағы адамдарға нанның озі жетпейтін. Соғыс жеңіспен аяқталды, Уали ата Ерең еңбегі медалімен марапатталады.
Уали Омарұлы ғылым мен білімге әрқашан құштар болатын. Соғыс аяқталған соң бухгалтерлер курсын бітіріп, Саратов қаласындағы қаржы техникумын тәмамдады.Содан кейін ұзақ уақыт еліміздің игілігі үшін ауыл шаруашылығында қызмет етті. Қазіргі таңда Бесқарағай ауданының құрметті азаматы дербес зейнеткер. Отан алдында сіңірген еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие. Жубайы Зиза апа мен бақытты некеде 58 жыл өмір сүрді. Отбасылықөмірде 4 бала, 7 немере ,8 шөбере сүйді. Тыл ардагері соғыстың қиын жылдары туралы, соғыстан кейінгі қызметі жайлы естеліктерімен бөлісті.Ол жас ұрпаққа барлық бастамаларда табысқа жетіп, табанды, еңбекқор болуларын тілеп әлемде бейбітшілік пен достық орнасын деген ақ пейілін білдірді және батасын берді.
Семей М.М.У. Қоғамдық Денсаулық Сақтау кафедрасы 407 ҚДС.