1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл 130 астам ұлттар мен халықтар тұрып жатқан мемлекетке қажет достық, түсіністік және келісімділік мерекесі.
2018 жылдың 28 сәуірде тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасының кураторларымен «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттері арасында «Татулық – достықтың киелі бесігі» шығармашылық сайыс өткізілді. Шараның мақсаты- ұлттық келісімділік негізі ретінде студенттерде белсенді азаматтық және адамгершілік позицияны қалытастыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.
Түсті шарлар, ұрандар, әсем әуен, әдемі костюмдар, ұлттық тағамдар-осынын барлығы №3 жатақхананың №4 дәріс залында мерекелік көніл-күйді көтерді. Әрбір кураторлық топ сайыста бір мемлекетті көрсетті. Кураторлық топ студенттері келесі номинациялар бойынша сайысқа түсті: 1) сәлемдесу және презентация дайындау; 2) ұлттық тағамдар; 3) ұлттық киімдер; 4) көркемөнер номері.
Сайыстын қорытындысы бойынша, 1 –ші орынға Грузия елін көрсеткен 202 топ, 2 -ші– орынға – Өзбек халқының дәстүрімен толық таныстырған 404 топ және 3-ші орынға- Қазақ халқының ұлттық тағамдарын және дәстүрлерін көрсеткен 302 топ студенттері ие болды.
Сайыстың жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасының оқытушысы Бейсенгазина М.Б., доцент Токешева Ш.М., аға оқытушы Кембаева К.У.
Кафедра меңгерушісі Токанова Ш.Е.